Deniz Park – Алматының іскерлік ауданында орналасқан, жеке саябағы және кең жерасты тұрағы бар А класты жаңа бизнес орталығы. Жұмыс пен демалысқа ыңғайлы етіп салынған, адамға арналған, экологиялық таза кеңсе кеңістігі.

Deniz Park жобасын халықаралық архитекторлар мен кеңесшілер тобы әзірледі, оларға экологиялық тұрақтылық қағидаттарын ұстану және жаңа ғимаратты қаланың архитектуралық бейнесіне сәйкестендіру міндеті жүктелді. Жаңа бизнес орталық жоғары деңгейдегі кеңселерге тән заманауи талаптарға сай келеді.
47 000 м2
Құрылыстың жалпы алаңы, GBA
25 000 м2
Жалға берілетін алаң, GLA
10
Қабат саны
5
Террассалары бар қабаттар
375 орын
Екі деңгейлі жерасты тұрағы
1.3 га
Саябақ алаңы
BREEAM
New Construction
3.6 м
Төбенің биіктігі
Тиімді орналасу

Deniz Park Әл-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің бойында, халықаралық компаниялардың ірі кеңселері мен қаланың негізгі көлік қатынасының күре жолының жанында орналасқан.

Бұл жан-жақты ойластырылған, әсем саябақ ортасындағы көп қабатты ғимарат. Оның негізгі артықшылықтарының бірі не? Ол ерекшелік – панорамалық терезелерден көрінетін қала мен Іле Алатауының көрікті келбеті және әсем Алматының ботаникалық бағы.

Саналы құрылыс
Deniz Park – BREEAM New Construction сертификатын Алматыда алған бірінші бизнес орталық. BREEAM (Building Research Establishment Environmental Assessment Method) – ғимараттарды жобалау, салу және пайдалану кезіндегі экологиялық тұрақтылықты бағалау схемасы. BREEAM халықаралық сертификаттау әдісін қолдану арқылы жыл сайын дүниежүзінде қоршаған ортаға ықпалды азайтуға, компаниялардың ресурстарын үнемдеуге және қалалардың ұзақ тіршілік етуіне мүмкіндік беретін қауіпсіз кеңістік құрылады. BREEAM сертификаттау әдісі бизнес орталық ұдайы қолданатын жан-жақты нұсқаулық ұсынады. Бұл нұсқаулықты халықаралық сарапшылар жасаған.
Жаңа технология дамуына орай қалалар мен адамдардың болашағы үшін жауапкершілік сезіне отырып, интеллектуалды ғимараттар салуға мүмкіндік туды. Экологиялық және этикалық құрылыс принциптерін қолдаған кезде біз нені назарға аламыз? Техникалық стандарттармен қатар, Алматы жолдарындағы жүктемені азайтатын баламалы көлік түрлерін пайдалануды қолдаймыз. Ғимарат жаңбыр мен еріген суды қайта пайдалануға мүмкіндік беретін тұрақты ауа тазарту және дренаж жүйесімен жабдықталады. Қағаз бен пластмасса сұрыптау пункттерінің орны мен дизайнын әзірледік.

Адамдарға бағытталған кеңістікті құруда маңызды емес ешбір деталь жоқ.
Жасыл орта
Бизнес орталық демалыс, серуендеу және бейресми кездесулер өткізуге арналған 1,3 гектар аумақты алып жатқан әсем саябақпен қоршалған. Саябақтың жайлы сүрлеуінде кез келген адам күннің кез келген уақытында демалып, серуендеуіне, жеңіл-желпі тамақтануына немесе таза ауада жұмыс істеуіне болады.
Саябақ аймағы BREEAM New Construction талаптарына сай, биоалуантүрлілікті сақтау үшін оған біздің өңірге тән өсімдіктер отырғызылады. Оны ландшафт мамандары таңдап алып, әр маусымда әдемі әрі түрлі реңктегі саябақтың концепциясын жасады. Мұнда түрлі ағаштар мен бұталарды, оның ішінде гүлді, жемісті және қылқан жапырақты өсімдіктерді, дәнді дақылдар мен шөпті тамашалауға болады. Күзде, ырғай және Гинкго ағашы қызыл және алтын түсімен көз қуантса, көктемде алма мен шие ағаштары, Ламарк иргасы мен шөп кілем хош иісімен елітеді. Қыста мәңгі жасыл қарағайлар мен аршалар айналаның көркін үстейді.
Инфрақұрылым
Deniz Park жұмыс процесін ұйымдастыру үшін экологиялық әдісті ұстанатын және өз қызметкерлерінің физикалық әрі ментальды саулығын қолдайтын компанияларға арналған. Deniz Park-ті жасаушылар Алматы қаласының қызметкерлері үшін де, қонақтары мен тұрғындары үшін де барлық ыңғайлы жағдайды ескерді.

Deniz Park тұрғындары мен қонақтары ауа райы жақсы күндері тамаша көрінісі бар террассада отыруға ыңғайлы мейрамханада тамақ ішіп, іскерлік кездесу ұйымдастыра алады. Кафе күнделікті таңертең кофе мен жаңа піскен кондитерлік өнімдердің хош иісімен көңіл қуантады.
Ыңғайлы жұмыс орындарынан бөлек Deniz Park-те кітапхана, аспаздық және мини-маркет, дәріхана, душ, киім ауыстыратын және қойма бөлмелері, күтуге арналған кең лобби бар.

Үлкен саябақ аймағы – таза ауада демалуға және энергиямен толуға болатын нағыз қуат орны.

Айқын артықшылықтардың қатарында жақын маңдағы аумаққа автокөліктер жібермейтін екі деңгейлі кең жерасты тұрағы бар. Паркингте скутерлер мен велосипедтерге арналған тұрақтар, сондай-ақ электромобильдерге арналған арнайы станциялар жасалған.