Кеңселер жалдау
Deniz park А кластағы кеңселерді жалға береді. Кеңселер инженерлік коммуникация нүктесі қосылған, бірінші әрлеуден соң (Shell & Core) жалға беріледі.

Ашық жоспар және 9 метрлік баған аралығы кеңсе кеңістігін еркін жоспарлауға ыңғайлы. Бизнес орталықтағы төбе биіктігі 3,6 м. Панорамалық әйнек терезе табиғи жарықты тиімді пайдалануға және энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Конструктивті шешімдер
  • Барлық конструктивті шешімдер Deniz Park-тің сейсмикалық тұрғыдан тұрақты қылған (Рихтер шкаласы бойынша 9 баллға дейін). Ғимаратта сейсмикалық бақылаудың автоматты жүйесі (СБЖ) бар.
  • Ашық жоспарлау мен бағаналық кең аралық (9 метр) кеңсе кеңістігін еркін жоспарлауға өте ыңғайлы.
  • Бизнес орталықтағы төбе биіктігі – 3,6 м. Панорамалық әйнек терезе табиғи жарықты тиімді пайдалануға және энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • 170 мм-ге дейін ашылатын есіктер ғимаратты қосымша желдету үшін әрбір үш метр сайын орнатылған.
  • Қабат жоспары
    Инженерлік шешімдер:
  • Заманауи желдету жүйесі таза ауа ағынын ұлғайтады.
  • BMS (Building Management System) – бір интерфейс арқылы барлық инженерлік жүйені бақылауға арналған ғимаратты басқару бағдарламасы.
  • Резервтік электр қуат көзі жүйесі (құрылыс жүйесін он сағат жұмыспен қамтамасыз ететін екі дизеFль генераторы).
  • Ғимарат финдік KONE компаниясының он екі жылдам лифтімен жабдықталған.

    Deniz Park-те қауіпсіздік жан-жақты ойластырылған:
  • Жеке қауіпсіздік және көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі қамтамасыз етілген, ғимаратқа кірудің толық бақылауы жасалған.
  • Заманауи өрт сөндіру жүйесі мен төтенше жағдайда эвакуациялау жүйесі ойластырылған. Өрт автоматикасы мен бейнебақылау орнатылған.